jasqazaq.kz

10 жұмыс тобының 9-ын ресейліктер басқарады

10 ақпан 2021, 16:13

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері біріккен алқасының 10 жұмыс тобының 9-ын Ресей өкілдері басқарады. Мәжіліс депутаттары мұндай жағдайға наразылық білдірді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Депутат Гүлдара Нұрымова Мәжіліс отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан жұмыс топтарының басшылары неге негізінен Ресей Федерациясының өкілдері екенін сұрады. Себебі жұмыс топтары қызметінің қорытындысы бойынша алқаның қарауына ұсыныстар мен шешімдерді шығаратын солар.

Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі: 

«Бұл тарихи солай қалыптасты, өйткені кеден қызметтерінің біріккен алқасының хатшылығы Мәскеуде орналасқан, ол алқаның, хатшылықтың және жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз етеді. Бірақ жұмыс топтарында барлық шешім консенсус арқылы қабылданады, олар алқаға шыққанда әр елдің даусы болады. 10 жыл жұмыс барысында қандай да бір сұрақтар туындамаған».

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин: 

«Мәселе консенсустың түрі емес, жұмыс органы туралы болып тұр. Ал хатшылықты қай мемлекеттік өкіл басқарады? Кім? Тағы Ресей Федерациясы ма? Біз аппараттың не екенін білеміз ғой. Құжатты біресе былай, біресе былай қойса болады. Ерман Мұхтар Тілдабекұлы (бұрынғы депутат) өткен шақырылымда зор жұмыс жүргізді, біз «тарихи қалыптасқан» барлық интеграциялық құжатта тәсілдерді өзгерттік, онда ТМД Парламентаралық ассамблеясын қоспағанда, толық ротация бар», — деді ол.

Нұрлан Нығматулин министрге:

«10-нан 9-ы басқарады. Депутаттар дұрыс мәселе көтерді. Осыған байланысты қандай да бір проблема бар ма? Құжат дайындалып жатқанда, келіссөздер жүргізіліп жатқанда, біздің тісі батпайтын келіссөз жүргізушілер сөз сөйлейді. «Тарихи» — бұл министрдің жауабы ма? Бұл істі түзетіңіздер«, — деп қорытындылады спикер.

Мәжілісте «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде