jasqazaq.kz

10 жылдан асқан автобустарды елімізде тіркеуге тыйым салынады

08 ақпан 2021, 12:27

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығарылғанына 10 жылдан асып кеткен автобустарды алғашқы тіркеуге тыйым салу енгізіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.

«Осы жылдың 1 ақпанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулары енгізу туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Аталған заңмен жүргізушілер жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі мен автокөлік техпаспортын өзімен бірге алып жүрмеуіне болады», — деді ол. Оның атап өтуінше, жүргізушіде аталған құжаттар болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту алынып тасталды. «Сонымен қатар шыққанына 10 жылдан асқан автобустарды Қазақстанда алғашқы тіркеуге заңмен тыйым салады. Бұл норма келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жүргізушінің орнынан басқа 8 орындықтан астам орны бар барлық автобусқа қатысты», — деді Серік Түсіпов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде