jasqazaq.kz

10 жастағы қызды өзінің ата-анасы сатып жіберген (Видео)

10 ақпан 2022, 10:11

10 жасар қызын өз ата-анасы сатып жіберген. Бауыр еті баласын өмір сүрсін деп емес, жыныстық құлдыққа берген. Қыз ол жерден 9 жылдан кейін әрең дегенде қашып шыққан көрінеді. Бірақ онан кейінгі тағдыры да оңай болмапты. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Қазір ол Шымкенттегі арнайы орталықты паналап отыр. Нигора Өзбекстанда туған. Оны небәрі он жасында ата-анасы бейтаныс адамдарға бір шабадан ақшаға сата салыпты.

НИГОРА:

Перзент керек жоқ деді. Ақша керек деді. Папам наркоман еді, мамам ішеді, ақша керек деді. «Әке»- деп жылап едім, бұрылып қарамады да. Атам мені сатады деген сөзді естігеннен кейін жүрегі ұстап қайтыс болды. Жалғыз жанашырым сол кісі еді. Одан бері туыстарым да іздеген емес.

Сұрауы жоқ кішкентай қызды сатып алғандар алғашында Сарыағашқа, одан бері Шымкентке қарай әкелген көрінеді. Айтуынша, туғалы ата-анасынан еш жылулық көрмеген. Сексуалдық құлдықта бақандай тоғыз жыл өмірі өтіпті. Ол жерде менен басқа жиырма шақты қыз болды дейді. Оларды қараңғы үйден аттап бастырмаған, көкала қойдай сабайтын болған. Жүрек жалғауға тек қара нан мен су берген.

НИГОРА:

Аштықтан талай қыз өліп қалды сол жерде. Кейбірін шетелге сатып жіберді. Бізді бір бірімізбен араластырмайтын. Жыныстық қатынасқа түсуден бастартсақ темірмен, шыншырмен ұрып, басыма тапанша тақайтын. Қараңғы қапастағы тіршіліктен жанашыр бір азамат шығуға көмектесті.

Басқа барар жері жоқ болғандықтан Нигора екі айдан бері дағдарыс орталығын паналап отыр. Қолында сәбиі бар. Ұлымның әкесі аяғым ауыр екенін білген соң тастап кетті ,-дейді. Бір бәледен құтылдым дегенде, екіншісіне тап болады. Жағдайыңды жасаймын дегенге сеніп, екінші рет те құлдыққа түсіп қала жаздағанын айтады. Біреулер оны малға жегіпті. Ол жерден еріктілердің арқасында құтылған.

Малика ЖҮСІПОВА, «КӨМЕК» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Баяғы арманы бар ау деймін, балалық кезі сексуалдық қатынаста, зорлықта сондай болғаннан кейін бұл көп нәрсені өмірде жоғалтқан. Сол жоғалтқан қасиеттерін қайтадан осы анаға бергіміз келеді. Өйткені оның арманы.. ол арманын айта бермейді.

Нигора жасы отызға таяғанда алғаш рет қолына қалам алып,әріп танып жатыр. Оның ата-анасы, туысқандары іздестірілуде. Бірақ ол өзін ақшаға сатып жіберген ет жақындарын көргісі келмейді. Қазақстанда ұлыммен бірге жақсы өмір сүрсем дейді. Айта кетейік, бұл орталықта Нигора секілді жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған тағы бес қыз бар.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық