jasqazaq.kz

10 жастағы қыз безгектен қайтыс болды (видео)

16 мамыр 2019, 10:48

Жамбыл облысы Байзақ ауданында 10 жастағы қыз қырым-конго қанды безгегінен көз жұмды, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Оның кенеден келетін кеселді қалай және кімнен жұқтырғаны белгісіз. Жақында ғана Өзбекстаннан келгені айтылады. «Мекенжайлары жоқ және мына Өзбекстан азаматтары. Қайыр сұрап күн көріп отырған адамдар. Бірақ өзінің кеш қаралуына байланысты және аурудың асқынуын өткізіп жіберуіне байланысты оны аман алып қалу мүмкін болмады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», — дейді Жамбыл облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 481 адамды кене шаққан. Қауіпті қансорғыштар шаққан жамбылдықтар қатаң бақылауға алынып, тыңғылықты тексеру жүргізілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде