jasqazaq.kz

10 жастағы баланы пышақтаған күдікті ұсталды

31 мамыр 2019, 12:22

Алматы облысында 10 жастағы баланы пышақтаған күдікті ұсталды. Қазір 21 жастағы Дархан Айдарханов уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Кең көлемде іздеу жарияланған күдіктіні полицейлер Үшарал қаласында қолға түсірді. «10 жастағы баланы тонап және оған пышақ жарақаттарын салған қылмыс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Іс Алакөл аудандық тергеушілердің өндірісінде. Сондай-ақ бұл іс облыстық Полиция департаментінің қатаң бақылауында», — деді облыстық Полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет. Естеріңізге, сала кетейік, 29 мамыр күні Алакөл ауданының Үшарал қаласында 10 жастағы баланы пышақтап кеткені жөнінде хабарлаған болатынбыз. Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті баланың үйіне алдап кіріп 20 мың теңге ақшаны ұрлап, 10-жастағы оқушыға бірнеше пышақ жарақатын салған. Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда