jasqazaq.kz

10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды

24 маусым 2020, 21:30

Алматы облысындағы Текелі қаласында 10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды. Қаралы хабарды Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаевтың өзі әлеуметтік желіде оқырмандарына жеткізді. 

«Бұл постты жазуға түрткі болған — түнгі оқиға. Он жасар Владты түні бойы іздедік. Маған Влад жоғалып кетті деген хабарды түнгі 1.30 да еріктілер телефон соғып жеткізді. Бармаған, іздемеген жеріміз қалмады. Сөйтсек Влад үйінің артындағы қалың ағаштың ішінде дарға асылып қалған екен. Өте өкінішті, бұл өлімге не түрткі болғаны тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болар. Владтың әкесі жайлы нақты мәлімет жоқ, өгей әкесі кәріс ұлтынан екен. Бала тәрбиелейтін әке қайда, жалпы еркектер қайда кеткен? Маған қызметіме байланысты жалғызбасты, көпбалалы жиі келеді. Сонда мен «бұлардың әкелері қайда?» деп сұраймын. Көбінің жауабы жоқ, ал жиі еститінім — әкесі маскүнем, арақ ішіп кеткен», — деп жазды Текелінің әкімі Б.Өнербаев.

Шаһар басшысы Текеліге әкім болып тағайындалғанда тұрғындарды салауатты өмірге шақырғанын да еске салды.

ҚазАқпарат 

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық