jasqazaq.kz

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 қыркүйек 2020, 11:02

Қазгидромет 21 қыркүйекте Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

21 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады , кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

21 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысында да оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында да 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с сақталады.

21 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Күндіз 21, түнде 22 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз 21, 22 қыркүйекте кей жерлерде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде