jasqazaq.kz

10 оқу орнының лицензиясы тоқтатылды

11 желтоқсан 2019, 10:28

Білім және ғылым министрлігі қазақстандық 10 ЖОО-ның лицензиясын тоқтатты.

«Мұның алдында біз бес ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазір біз ЖОО-ларда қосымша тексеріс жүргізіп жатыр. Сол тексерістің нәтижесі бойынша біз шешім қабылдадық, тағы бес ЖОО-ның лицензиясын тоқтатамыз. Заң бойынша ол ЖОО-лар бұл шешімге он күн ішінде шағым түсіре алады. Сондықтан да бізге қазір уақыт керек, шамамен 10 күндей. Сол уақытты күтеміз. Шағым түспесе, нақты қай ЖОО-лардың лицензиясы тоқтатылғанын айта аламыз», — деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, БҒМ басшысы еліміздің оқу орындарының қандай ережелер бұзатынын айтып өтті. «Біз ЖОО-лардың ҰБТ сертификатынсыз оқуға қабылдап жатқанын көрдік. Бұл білім сапасының қандай екенін білдіреді. Бұдан бөлек, студенттердің сабақ бармайтынын, бірақ емтихандардан өтіп, дипломдарын алып жатқанын білеміз. Әрине, біз, мемлекеттік орган ретінде мұндайға жол бере алмаймыз. Сондықтан қатаң шаралар қабылдап жатырмыз. Бірнеше күннен кейін лицензиясы тоқтатылған 10 ЖОО-ны атап береміз», — деді министр.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда