jasqazaq.kz

10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

15 тамыз 2021, 15:21

Қазгидромет Алматы мен он өңірде алдағы күндерге ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Алматыда 15-16 тамызда қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады.

14-16 тамызда Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Талдықорғанда 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

15-17 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градус аптап болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. 16-20 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.

14-16 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болады. 14-16 тамызда жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Таразда 5 тамызда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. 14-16 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

15 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 15-17 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстікте, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градус аптап күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

14-15 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 15 тамызда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі бар. Жезқазғанда 14 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

14-16 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл болады, екіпіні секундына 15-20 метр. Төтенше өрт қауіпі бар.

15 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус ыстық сақталады. Күндіз 18-20 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус аптап болады.

14-15 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия