jasqazaq.kz

10 мыңға жуық ресейлік Қазақстан ЖСН-ін алды

13 сәуiр 2022, 15:38

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелдіктерге ЖСН беру мен азаматтық берудің ара-жігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандық ЖСН-ді кез келген шет елдің азаматы ала алады. Ол кәсіпкерлік қызметті, қаржылық операция процестерін және басқаларды жүргізу үшін керек. ЖСН – жай ғана құрал, ол азаматтықты немесе елде тұруға ықтиярхатты білдірмейді», — деді Марат Қожаев Мәжілістің жалпы отырысында тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге ІІМ өкілі қазақстандық ЖСН-ді алуға қанша Ресей азаматы өтініш білдіргенін айтты.

«Өткен аптаның мәліметтері бойынша, 10 мыңға жуық адам ЖСН алды. Ресейдегі көптеген қаржы институттарының процедуралық жұмысына санкциялар кедергі келтірді, сондықтан олар бізге жүгінеді. ЖСН алғандардың біздің елімізге келуі де міндетті емес. Олар біздің банк карточкаларымызды ғана пайдалана алады», — деді Марат Қожаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанға Ресейден 130 мыңға жуық адам келді, оның 120 мыңы кері оралған. Ал Украинаның 3481 азаматы елде жүр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде