jasqazaq.kz

10 млн қазақстандықтың жеке бас мәліметі 1500 долларға сатылып жатыр

01 ақпан 2021, 13:25

Өткен аптадан бастап желіде қазақстандықтардың басым көпшілігінің жеке бас мәліметін сатып алуға болатын веб-сайттың сілтемесі таратылып жатыр.

Қазақстан азаматтарының жеке куәліктерінің мәліметтер базасы. 10,5 миллион адам. Біз Қазақстан азаматтарының жеке куәліктерінің мәліметтер базасын сатамыз, — делінген сайтта.

zakon.kz-тің хабарлауынша, жеке куәліктің сканерленген көшірмесі + тұрғын мекен-жайы + телефон нөмірі. 1 адам — ​​10 доллар. Бүкіл мәліметтер базасы (10,5 миллион адамға арналған мұрағат) — 1500 доллар, — делінген әрі қарай.

Содан кейін базаны қалай алуға болатындығы туралы сипаттама беріледі.

ҚР Ішкі істер министрлігі өз кезегінде қазақстандықтардың жеке деректерінің қолды болуы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Полициядағылар бұл сайт пен деректерді сату фактісі өтірік екенін айтады және олар ол жалған хабарламаларды таратпауға шақырады.

Жеке куәліктер шығарумен айналысатын «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК жарнамада бұрын берілген құжаттардың фотосуреттері қолданылғанына баса назар аудартады. Қолдану кезінде жеке куәліктердегі чиптердің зақымдануы осының дәлелі. Сондай-ақ, «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК азаматтар туралы тек қана мәтіндік ақпарат, олардың фотосуреттері мен қолтаңбаларының үлгілері кәсіпорынның мәліметтер базасында сақталатынын растады. Орталық дайын құжаттардың сканерленген көшірмелерін жасамайды немесе сақтамайды, деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде