jasqazaq.kz

10 киікті атқан браконьерлер ұсталды (видео)

01 ақпан 2018, 10:33


Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 10 киікті заңсыз атып алған броконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті.

«2018 жылғы 31 қаңтарда сағат 19:20 шамасында РМҚК «Охотзоопром» ӨБ» Орталық өңірлік филиалының инспекторлары мен Жезқазған ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау бөлімінің қызметкерлері бірлескен қорғау жұмыстары барысында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты аумақта «Toyota-100» маркалы мемлекетік нөмірі 115 AYA 11 автокөлікте Қызылорда қаласының үш азаматын ұстады. Автокөлікті тексеру барысында 10 киіктің тушасы (2 аталығы мен 8 бас аналығы) табылды. Оқиға болған жерге Сырдария АІІ-нің жедел тергеу тобы шақырылды», — дейді ол.

Белгілі болғандай, алдын ала келтірілген шығынның сомасы 9 139 000 теңгені құраған.

https://youtu.be/c49MAV7sUeE

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды