jasqazaq.kz

10-12 жастағы балалар лимонад сатып, пәтер алды

25 тамыз 2018, 11:12


Американың Хьюстон қаласында 10 жасар Дэвид пен 12 жасар Зах Тэннерлер лимонад сатып тапқан ақшаларына жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден пәтер сатып алды.
Stan.kz  жазғандай, Дэвид пен Зак бизнеспен айналысуды жеті жыл бұрын бастаған. Олар 7 жыл бұрын өздері тұратын ауданында үйде жасалынған лимонадты сатып, өз кәсіптерін ашты. Ағайынды балалардың кәсібі табысты болып, олар көп ұзамай жүздеген доллар таба бастады.
Осы жасында бизнеспен айналысып жүрген балалар еңбекқорлықты әкелерінен үйренген. Қазір олар Австралияның Сидней қаласында танымал «Бай әке, кедей әке» кітабының авторы Роберт Кийосакидің үйінде қонақта жүр. Ағайындылар оны рухани және іскерлік тәлімгер деп атайды. Олардың әкесі Энди Тэннер ұлдарының ерекше дарынды қасиеті жоқ екенін айтты. Бірақ, балалары әрдайым инвестицияға қызығушылық танытып жүрген.
«Мен инвестиция жасағанды ұнатамын. Маған жұмыс істемей ақша тапқан ұнайды», – дейді 12 жастағы Зак.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді