jasqazaq.kz

1 жастағы баласын қаңғыртып жіберген әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

16 қазан 2017, 12:05

Алматыда 1 жастағы баласын қаңғыртып жіберген әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат сайтына қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтып берді.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясының азаматшасы мас күйінде 1 жастағы баласын көшеде тастап кетіп қалған. «Өзінен сұраған кезде Алматы облысындағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмысқа тұрмақшы болдым деп түсіндірді. Қазір келіншек ҚР ҚК 119-бабы бойынша (қауіп-қатерде қалдыру) қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Бұлтартпау шарасы туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар, қосымша оны аналық құқығынан айыру мәселесі де көтерілетін болады. Өйткені, ондай адам балаға дұрыс ана бола алмайды», — деді Салтанат Әзірбек. Айта кету керек, 1 жастағы бүлдіршіннің №2 қалалық аурухананың гематология бөлімшесінде жатқанына 2 аптадан асты. Қарны ашып, қатты тоңған баланы полиция қызметкерлері 8 қазанда кешкі 21:30-да Спасская көшесінен тауып алған. Осы уақытқа дейін анасы іздеп келмеген. Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығында ақау жоқ.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық