jasqazaq.kz

1 теңге қарыз болса, жарықтан ажыратыла ма?

28 ақпан 2020, 17:02

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылардың электр энергиясына бір теңге қарызы болса, жарықтан ажыратылады деген ақпаратқа түсінік берді.

2020 жылдың 24 ақпанында ҚР Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Энергетика министрінің №43 бұйрығы күшіне енді, онда электр энергиясын пайдалану ережелеріне қатысты түзетулер бекітілді. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, электр энергиясы үшін төлемді уақтылы төлеп отырған тұтынушылар жарықтан ажыратылмайды. Сонымен қатар, қарызы барларға міндетті түрде берешегі туралы хабарлама жіберіледі. Тек содан кейін ғана жарық беру тоқтатылады. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қалыптасқан қарызы бар тұтынушыларға ескертуді телефон қоңыраулары мен хабарламалар арқылы және сотқа дейінгі шағымдар бойынша жеткізеді. Белгіленген уақытта төлем жасалмаса, тұтынушы электр қуатынан ажыратылады. Егер одан кейін де төлемесе онда талап күшейтіледі. Яғни, сот шешімімен елден шығуға тыйым салынып, мүлкі тәркіленеді, банктік шоттары бұғатталады. Сонымен қатар, нотариалдық және сот шығындарын тұтынушы төлейтін болады», деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Сондай-ақ, сөндірілген жағдайда қайта қосылу құны пәтерде тұратын жеке тұлғалар үшін 6 730 теңге, жеке үйде тұратын тұлғаларға — 10 115 теңге, заңды тұлғаларға – 11 606 теңге.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия