jasqazaq.kz

1 шілдеден бастап қазақстандықтар электр энергиясының ақысын басқаша төлейді

30 маусым 2021, 16:49

Энергетика министрлігі электр энергиясына тарифтерді екіге бөліп тастады. Бірі ЖЭК-тен (жаңартылатын энергия көздерінен) алынған, екіншісі дәстүрлі генерациялау әдісімен алынған. Осылайша, Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері қайта қаралды және 1 шілдеден бастап жаңартылатын энергия көздерін қолдауға үстемеақы тетігі енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлік ақпаратына сілтеме жасап.

24 маусымда «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» 2018 жылғы 14 желтоқсандағы бұйрыққа өзгерістер енгізілді. 1 шілдеден бастап тұтынушылар үшін төлем өндірілетін электр энергиясы көзіне қарай сараланады. Энергетика министрлігі редакция сұрағына баға өспейтінін айтты, бұл өзгеріс тек қаржы ағындарын бөлу тәсіліне қатысты.

Осылайша, энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын оған шекті тарифтен және ЖЭК пайдалануды қолдауға арналған үстемеақыдан тұратын бағадан аспайтын мөлшерде өткізетін болады.

ЖЭК-ті қолдауға үстемеақыны жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға арналған шығындар мен шартты тұтынушы саналатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын шығару көлемі негізінде жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы есептейді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия