jasqazaq.kz

1 шілдеден бастап Еуроодақ елдерінде «жасыл паспорт» енгізіледі

21 мамыр 2021, 10:12

 ЕО кеңесі мен Еуропарламент Еуроодақта бірыңғай вакцинация сертификаттарын енгізу туралы келісті. «Жасыл паспорт» деген атпен белгілі мұндай құжат цифрлық түрде болады. Онда әр азаматқа қатысты ковидпен байланысты ауруы, ПТР тестілерінің нәтижелері, вакцинация секілді барлық мәлімет көрсетіледі. «Жасыл паспорт» 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді. Бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Екпе алған мұндай сертификаттың иесін медициналық себептерге байланысты ЕО еліне кіргізбеуге негіз жоқ.

«Айта кету керек, вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін азамат толық егілді деп саналады. Сертификат қандай доза, қашан егілгені туралы барлық мәліметті көрсетеді. Бұл сертификат елге сізді кіргізуге себеп болуы мүмкін. Бірақ сізге рұқсат берілу үшін сіз толықтай егілуіңіз қажет», — деді Әділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Дидье Рейндерс.

Тек ЕО немесе ДДҰ деңгейінде мақұлданған вакциналар қарастырылады. Әзірге бұл тізімге Ресей немесе қытай препараты кірмеген. Алайда, Мажарстанда олар белсенді түрде қолданылады. Бірақ ЕО-ның әр еліне өз критерийлеріне сәйкес жалпы еуропалық сертификаты жоқ адамдарға кіруге рұқсат ету құқығы жеке беріледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде