jasqazaq.kz

1 шілдеден бастап әр отбасы үшін әлеуметтік карта енгізіледі

25 маусым 2019, 12:47

Елімізде 1 шілдеден бастап енгізілетін әлеуметтік картаның 97 пайызы дайын. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Үкімет 106 пункттен тұратын іс-шаралар қабылдаған болатын. Соның 26-ын іске асыру міндеті біздің министрлікке жүктелген. Осы айдың 12-де Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекетіміздің дамуының 10 бағытын айқындады. Соның ішіндегі төрт бағыт біздің министрлікке тапсырылған. Ең біріншіден, халықтың табысын көбейту міндеті жүктелді. Өздеріңіз білетіндей, былтырдан бастап елімізде жалақы 3 рет өсіп, ең төменгі жалақы 42500 теңге болды. Оған қосымша 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер де ең төменгі еңбекақы алатын қызметкерлерінің айлығын өсірді. Одан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, осы айдың 1-нен бастап төмен жалақы алатын бюджеттік мекемелердің де жалақылары өседі. Осы шараны жүзеге асыруға бюджеттен 144 млрд теңге қаржы қарастырылған», — деді Бердібек Сапарбаев. Министрдің айтуына қарағанда, мемлекет тарапынан 39 түрлі мемлекеттік көмек көрсетіледі. Оның барлығын есептегенде 3 млн-нан астам адамға, оған қосымша әлеуметтік қамсыздандыру қорынан да 800 мыңға жуық қазақстандыққа 190 млрд теңге ақша бөлінеді. «Біз енді осы көмекті беру үшін әлеуметтік картаны дайындап жатырмыз. Осы уақытқа дейін отбасылардың әлеуметтік картасының 97 пайызы дайын. 1 шілдеге дейін толық дайын болады», — деді ол. Бердібек Сапарбаев әлеуметтік картада мұқтаж отбасыға қаншалықты көмек қажет екені көрсетілетінін атап өтті. «Сонымен қатар, біз мемлекет көрсететін барлық әлеуметтік көмектің бірыңғай стандартын әзірледік. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірыңғай көмектің пакеті жасалды», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде