jasqazaq.kz

1 млн теңгеден астам: 32 жастағы азамат жалған ақша жасап келген

12 қыркүйек 2020, 10:23

Алматы облысында сот 32 жастағы ер адамды жалған ақша жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды.

Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері Алматы қаласының тумасын облыста 5000 теңгелік жалған банкноттар сатқаны үшін ұстады.

Қылмыстық істі тергеу барысында облыстың заңсыз айналымынан жалпы сомасы бір миллион теңгеден астам жалған ақша алынды.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық тергеу ҚК-тің «ҚР Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен монеталарын, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе ҚР валютасындағы басқа да бағалы қағаздарды не шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу» бабы бойынша жүргізілді.

Сот үкімімен айыпталушы жалған ақша купюраларын жасау, сақтау, жылжыту және сату бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде