jasqazaq.kz

1 маусымнан бастап жалақы көтеру туралы тапсырма берілді

10 сәуiр 2019, 14:52

Парламент «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген өзгертулерді қабылдады. Парламент мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға мүмкіндік беретін заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенат үш жылдық республикалық бюджет туралы заң жобасын тиісті түзетулермен төменгі палатаға кері қайтарған болатын. Өйткені қосымша шығындар ескеріліп отыр. Жаңа мемлекеттік орган – Елбасы кеңсесін құруға (1 миллиард теңге) және жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға (37 миллиард теңге) бюджеттен қаржы бөлінеді.
Мәжілістің жалпы отырысында қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Құсайынов бұл заңға сәйкес қазақстандықтардың жалақысын артатынын атап өтті.
«Сенат енгізген өзгертулер мемлекет басшысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын өсіруді 1 шілдеден 1 маусымға жылжыту тапсырмасын орындауға бағытталған. Республикалық бюджет шығынын 38 миллиард теңгеге арттыру ұсынылып отыр», — деді мәжіліс депутаты.
Мәжіліс депутаттары сенат енгізген өзгерістерді қолдап дауыс берді.
Еске сала кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының съезінде 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ке, аудандық және облыстық деңгейлерде тікелей халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі сатыдағы қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25%-ке өсіруді тапсырған болатын.
Кейінірек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда