jasqazaq.kz

1 мамырдан бастап блок-бекеттер орнатылады

27 сәуiр 2021, 10:24

Батыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев аймақта карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

БҚО-ның «қызыл» аймақта болғанына бір айдан асты. 1 мамырдан бастап Орал қаласының кіре берісі мен шығатын жағына, сондай-ақ Ақжайық, Бөрілі, Казталов, Теректі, Шыңғырлау мен Бәйтерек аудандарының периметрі бойынша блок-бекеттер орнатылады.

Блок-бекеттер арқылы кедергісіз кіріп-шығуға (жол парақтары, жұмыс бұйрықтары, тапсырма жоспары, шот-фактуралар, іссапар құжаттары, медициналық мекемелердің жолдамалары, жеке куәліктер, жол билеттері көрсетілген кезде) мыналарға рұқсат етіледі:

— халықтың өмірін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
— медициналық себептер бойынша аумаққа келіп-кететін адамдар;
— карантиндік ауруханаларда емделген және бақылауға алынған адамдар;
— транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар;
— ауысым жұмысшыларын тасымалдайтын көліктер.

Осы қаулыда көрсетілген адамдарды қоспағанда, өзге санаттағы азаматтардың барлығына аудандардың аумағына (аумағына) және Орал қаласының аумағына (учаскелеріне) кіруіне / шығуына тыйым салынады.

Бұл ретте, блок-бекеттердің жұмыс режимі мен мерзімдері COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Қаулы 2021 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия