jasqazaq.kz

1 литр сүттің бағасы 14 миллион теңге: Қызылорда облысында ерекше тендер анықталды

24 наурыз 2022, 17:28

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында №275 орта мектебінің басшылығы 125 күрткені сатып алуға тендер жариялап, оған 200 млн теңгеден аса қаражат жұмсауды жоспарлаған. Жемқорлыққа қарсы күрес мекемесі қаражаттың негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды «Хабар 24«.

Ведомствоның жедел әрекет етуінің нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар сайтына шығарылған лот қайта қаралды. Тауардың құны бір затқа 16 мың 700 теңгеге дейін төмендетілді.

Сондай-ақ, 11 мемлекеттік мекемеде басшылар дизель отынының бір литрін 280 теңгеден, ал АИ-92 маркалы бензиннің литрін 205 теңгеден алуды жоспарлаған. Бейіндік министрлік алғашқысының шекті құнын – 230 теңге деп, ал екіншісін – 182 теңге деп белгілеген еді. Осылайша мемлекеттік бюджеттен 38 млн теңгеден аса қаражат үнемделді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілердің хабарлауынша, көбінесе білім беру саласында бағаны негізсіз өсіру байқалады.

«Шиелі аудандық білім беру басқармасы сүттің бір литрін 14 млн 577 мың теңгеге алуды жоспарлаған. Жоспарлы бағаны қайта қарастыру жөніндегі кеңес нәтижесінен кейін сүттің құны 223 теңгеге дейін түсірілді. 2022 жылы екі айдың нәтижесі бойынша, 17 мекемеге жолданған ұсыныстардың нәтижесі бойынша бюджеттің ақшасынан 351 млн 230 мың теңге үнемделді», – дейді Қызылорда облыстық жемқорлыққа қарсы күрес қызметі департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр