jasqazaq.kz

1 қарашада жаңа ақылы жолдар іске қосылады

15 қыркүйек 2021, 17:19

Елімізде 2021 жылы 1 қарашадан бастап жеті автомобиль жолы ақылы болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ресми сайтында жазды, дейді kolesa.kz.

Бұрын хабарланғанымыздай, жүргізушілер мына жолдарда жүргені үшін ақша төлейді:

Щучинск — Көкшетау,
Шымкент — Өзбекстан шекарасы,
Шымкент — Тараз,
Шымкент — Қызылорда,
Тараз — Қайнар,
Нұр-Сұлтан — Павлодар,
Қапшағай — Талдықорған.

Компания өкілдерінің айтуынша, ақылы жолдар қажетті құралдармен жабдықталды, белгіленген жол бөліктері 1 қазанда сынақ режимінде жұмыс бастайды.

Жаңа ақылы жолдарда төлем қабылдау әдісі өзгереді. Енді тас жолда шлагбаум болмайды. Жүргізушілер смартфондағы қосымшаларды пайдаланып немесе RFID-таңба арқылы төлем жасайды.

Жол ақысына келетін болсақ, қолда бар мәлімет бойынша жеңіл көліктер Щучинскіден Көкшетауға дейін 50 теңге, ал Шымкенттен Қызылордаға дейін 420 теңге төлейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде