jasqazaq.kz

1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды

30 қыркүйек 2019, 13:54

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 59,5 жасқа дейін ұлғаяды. Қазақстанда өткен жылдың қаңтарынан ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін қазақстандық әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. Ал ерлер үшін ештеңе өзгерген жоқ – олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады. Зейнет жасын арттырудың бірінші кезеңі 2018 жылы басталды.

Былтыр әйелдердің зейнет жасы 58,5, ал биыл 59 жасты құрады. Ал келесі жылдан бастап олар 59,5 жасында зейнетке шығады.

2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жасында;

2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жасында;

2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жасында;

2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жасында;

2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жасында;

2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жасында;

жылдың 1 қаңтарынан — 63 жасында.

Десе де, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар. Мәселен, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналар 53 жаста зейнетке шыға алады. Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста, ерлерге 50 жаста зейнетке шығуға рұқсат бар. 2019 жылдың 1 қаңтарынан: базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 16 037 теңге; ең төменгі зейнетақы – 36 108 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге.

Sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда