jasqazaq.kz

1 гектарға жуық алқапқа көкнәр егіпті

21 мамыр 2019, 14:04

Келес ауданында 1 гектарға жуық егістік алқабына егілген көкнәр табылды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Келес аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің полицейлері жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ауданның барлық аймағын тінтіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. «Нәтижесінде Келес ауданындағы ауылдардың бірінің егістік алқабынан есірткі тектес көкнәр өсімдігін тапты. Ауданның тәртіп сақшылары анықталған жайтқа қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Есірткі тектес өсімдік егілген егістік алқабының жалпы аумағы — 1 гектарға жуық. Аумақ тікенді металл сыммен қоршалған және аталмыш өсімдік жүгері дақылымен араластырып егілген» делінген хабарламада. Полицейлер айғақ ретінде егістік алқабынан көкнәр есірткі затына ұқсас 7 мың түптен астам өсімдікті тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, зерттеуге ұсынылған өсімдіктің «ұйықтататын көкнәр» екені белгілі болды. Жалпы салмағы — 300 келіден асады. Оқиға орнында құрықталған ағайынды екі азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған іске байланысты тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынған. Полицейлердің айтуынша, мұндай іске барған азаматтар, есірткі еккендер, оны сатып және өзгелерге ұсынғандар міндетті түрде жазаланады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда