jasqazaq.kz

1,4 млн адамға 42 500 теңгеден төленді

23 шiлде 2020, 11:44

23 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 912 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 432 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 1 миллион 912 мың өтінімнің ішінде:

– 797,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 467,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 192,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 453,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 797,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 118,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 995,7 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 432 мың қазақстандыққа аударылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия