jasqazaq.kz

Ұзынағаштағы күдіктілер қылмысын мойындады

07 қазан 2016, 19:42

mmm

Алматы облысындағы үш ағайынды өліміне қатысты күдіктілерді қорғап жатқан қорғаушы Меркебек Мәкенбаев, олар кінәларын толық мойындағанын айтады. Оның сөзі бойынша, өлімді мойнына алған тек Талғат Сүлейменов, Мұрат Оңалбаев болып жатқан қылмысты бақылап тұрған.

«Өлтіргені туралы Сүлейменов қана мойындады. Ал, Оңалбаев тек шеттен жай бақылап тұрғанын айтады. Айта кету керек, азаматтар тек атып өлтірілген. Оларды ұрып-соққаны туралы ақпарат расталмады. Сүлейменов қылмысқа пайда табу мақсатында барғанын айтады. Қазір өкініп отыр. Полицияға өзі барғысы келіп отырғанда, полиция өзі келгенін айтады. Мен қорғап отырған адамның екеуі де бұрын сотталмаған, екеуінің де отбасы бар, қырықтан асқан. Сотта мен олардың өкініп, моййындап отырғанын ескеріп, жазасын жеңілдетуді сұраймын. Сонымен қатар, қаза болғандардың туыстары алдында олар кешірім сұрауға дайын»,- деді Мәкенбаев.

Естеріңізге салайық, Алматы облысында қыркүйектің 23 күні үш ағайынды жоғалып кетеді. Жарқынбек, Мұқият пен Қалдыбек малды сату үшін Ұзынағаш базарына кетіп, үйге оралмады. Оларды полиция бір апта бойы іздеді. Біраз уақыт өткеннен кейін Астана – Алматы трассасы бойынан олар мал тасыған жүк көлік табылды. Өртенген көліктен полицейлер ешқандай ізге түсе алмады. Кейін көрші ауылдан екінші көлік табылды. Бірақ, қожайындары табылмайды. Соңғы рет олар әкесімен 18 қыркүйек күні байланысқа шығып, малды сатқандарын, бірақ ақшаны әлі алмағандарын айтады. Ауыл адамдары олардың үш жеңіл көлікпен тау жаққа кетіп бара жатқанын көрген. Оларды табу үшін ІІД барлық күші жұмылдырылған еді. 24 қыркүйек күні олардың өлі денесі табылды. Үшеуінің де денесінде қинап өлтірілгенін айғақтайтын іздер қалған.

Осы іске байланысты ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті екі адам ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Тергеу Алматы облысы ІІД жетекшісінің бақылауында. Фермерлерді өлтірді деген күдіктілер Сұраншы батыр ауылының 41 жастағы Мұрат Оңалбаев пен 44 жастағы Талғат Сүлейменов уақытша тергеу изоляторына екі айға тоғытылды.

today.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық