jasqazaq.kz

Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді

22 шiлде, 19:06

Алматы қаласы Жетісу ауданында биыл 12 гектардан астам аумақта абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 25-тен астам жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ Үлкен Алматы каналын жаңғыртуға 12,1 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 23,1 шақырым аумақ толық абаттандырылып жатыр.
Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру екенін атап өтті.

«Аудандағы 713 көпқабатты үйдің ең үлкен бес ауласын жаңартып жатырмыз. Өзен жағалауларын халыққа қолжетімді етіп, басты мақсатымыз – тұрғындарға жайлы, қауіпсіз әрі жарық орта қалыптастыру», – деді аудан әкімі.

Өз кезегінде аудан тұрғыны Владимир Сариков абаттандыру жұмыстары тұрғындардың өмір сапасын арттырғанын айтып, әкімдіктің қолдауына алғысын білдірді.
«1989 жылдан бері осы ауданда тұрамын. Басында ауламда гүлдерді өсіріп баптауды бастадым. Артынша қолөнер туындыларымды аулаға арнадым. Қазір басқа тұрғындар да қолдап жүр. Бұрын бұзып кететіндер көп еді. Қазір бейнекамералар қойылды. Ең қуантатыны – әкімдік біздің еңбегімізді бағалап, ауланы көркейтуге мүмкіндік беріп отыр», – деді ол.

Аудандағы ең ірі жобалардың бірі – Қонаев атындағы Бас каналды қайта жаңғырту. Жобаның жалпы құны 12,1 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында қала аумағындағы 23,1 шақырым канал бойы толық абаттандырылып, «Пархач», « Баум тоғайы» және «Гүлдер» демалыс аймақтары жаңартылып жатыр. Мұнда үш медициналық және үш полиция бекеті, екі қоғамдық дәретхана, жаяу жүргіншілер жолдары мен жаңа демалыс орындары салынады. Жобаны 2026 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.
Жетісу ауданында бүгінде 200 мыңға жуық халық тұрады. Ауданда 713 көпқабатты тұрғын үй, 17 мыңнан астам жеке үй және 572 өндіріс орны орналасқан. Әкімдік мәліметінше, тұрғындарға жайлы орта жасау жұмыстары жалғаса бермек.

Айта кетейік, Жетісу ауданы биыл қыркүйек айында құрылғанына 90 жыл толмақ. Тарихы терең өндірістік аудан бүгінде ауқымды инфрақұрылымдық жобалар мен қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту арқылы Алматының қарқынды дамып келе жатқан аудандарының біріне айналып отыр.

Олжас Әбдіхалық

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде