
Бүгінгі заманның негізгі сын-қатерлері – терроризм мен экстремизмге қарсы күрес ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты міндет болып отыр. Цифрлық жүйенің дамуымен қылмыстың бұл түрі жаңа сипат ала бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы мамыр айында «Орталық Азия – Қытай» форматындағы құқық қорғау органдары жетекшілерімен кездесуде осы мәселеге тоқталды. Президент трансұлттық қылмыстық топтардың осы цифрлық жүйені еш-бір мемлекеттің шекарасына қарамай, ша¬буыл жасауға қолданатынын айта келе, экстре¬мизм идея¬ларының таралуын, лаңкестік топтар¬дың адамдарды интернет арқылы арбауын бел¬сенді түрде әшкерелеп, тер-рор¬лық акті¬лер¬ге астыртын әзірлік әре¬кеттерін алдын ала анықтау қажеттігін айрықша атап өтті.
Жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Ермек Сағымбаев Kazinform халықаралық ақпарат агентігіне берген сұхбатында террористік құрылымдардың аталған жүйені өз қызметін қаржыландыру және үйлестіруге, сондай-ақ, адамдарды тарту үшін пайдаланып қазіргі заманның сипатына бейімделіп жатқанын айтты. Елімізде мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мұндай сын-қатерге қарсы күрестің қалай жүріп жатқанына мысал келтіре кетейік. Бұдан бірер жыл бұрын ҰҚК елдің батыс өңірінде лаңкестік әрекетке тойтарыс берілгенін жария етті. Атап айтқанда, Ақтауда қала тұрғындарының бірі әсіредіншіл идеологияның жақтаушысы ретінде назарға ілігеді. Кісі өлтіргені үшін бұрын сотты болған ол шетелдік содырлардың интернеттегі насихатының арбауымен мемлекеттік мекемелердің біріне қарасты ғимаратта жарылыс ұйымдастыруды жоспарлайды. Сол мақсатпен қолдан жасалған жарылғыш зат пен оған қажетті бөлшектерді сатып алған. Арнайы қызметтің жіті бақылауы мен жоғары деңгейдегі кәсіби әрекетінің арқасында қаскөйдің сұм ниеті іске аспады.
Елімізде терроризм мен экстермизмге қарсы ымырасыз күрес тоқтаусыз жүргізіледі. ҰҚК жариялаған деректерге жүгінсек, соңғы төрт жылда Қазақстан аумағында теракт пен зорлық-зомбылық жасауға бағытталған қылмыстық 10 әрекеттің жолы кесілді. Сондай-ақ 290 діни радикал түрлі мерзімге жаза арқалады. Лаңкестікке қатысты 1800 шетелдіктің елге кіруіне жол берілмеді. Бұған қоса, жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде ақпараттық кеңістікте жат ағымдарды насихаттайтын 100 мыңға жуық сілтеме анықталып, оларды бұғаттады.
Сонымен қатар, ҰҚК шетелде дайындалып жатқан лаңкестік әрекеттерді әшкерелеп отырады. Бұдан біраз уақыт бұрын ҰҚК қызметкерлері жоспарланған қастандық жөнінде алғашқы мәліметке ұласып, бұл жөнінде шет мемлекеттегі тиісті қызметті дереу хабардар етеді. Осы материалдар бойынша бірлесе жүргізілген тексеру әлгі деректің растығын дәлелдеп берді. Осылайша, тағы бір терактінің алдын алды. Жалпы арнайы қызмет шетелдік серіктестеріне осындай 11 теркат туралы туралы дер кезінде ақпарат берген.
Ұлтық қауіпсіздік комитеті өкілетті орган ретінде күштік құрылымдар және өзге де мемлекеттік мекемелердің көмегімен бұл салада бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, жыл басынан бері ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы Штабының ұйымдастыруымен 300-ден астам оқу-жаттығу, семинар өткізіп, жұрт көп жиналатын орындар тексерілді.
Бүгінде басты қауіп-қатерге айналған терроризм мен діни экстремизмге қарсы күреске мемлекетпен бірге діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың да атсалысуы өз жемісін беріп отыр. Бұған мысал ретінде теолог және имаммен жүргізілген әңгімеден кейін бұрынғы көзқарасынан бас тартқан радикалдар өз еркімен ерікті болғанын айтқан жөн.
Осы орайда еліміздегі бұрынғы экстремистерді теріс жолдан қайтару мен оларды қайта әлеуметтендіру әлемде озық тәжірибе саналады. Әрі түрлі халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ тарапынан жоғары бағаланады.
Талап Тілеген