jasqazaq.kz

Ұзынағашта малға қатысты тағы бір дау шықты

27 қыркүйек 2016, 23:38

snimok

Алматы облысындағы Ұзынағаштың маңында малға қатысты тағы бір қақтығыс елдің назарында отыр. Бұл жолы Шолақ Қарғалы елді мекенінде бөтеннің жайылымына түскен жылықылар, ауыл тұрғындары арасында араздық тудырып отыр. Тіпті екі тарапқа бөлініп, төбелесіп, үй мен қора өртеу жиілеп барады екен.

Шолақ Қарғалыдағы шатақты ішімдік ішкен 3 адам бастады дейді осы ауылдың тұрғыны Дүйсенбі Көксінұлы. Азаматтың бес жылқысы солардың ауласына кіріп кетіп, шөбіне тиіскеннен кейін, олар Дүйсенбіге жұдырық ала жүгірген. Ал, болған істі полицияға баяндауға келгенде, мәселе мүлде басқаша өрбіген.

ДҮЙСЕНБІ КӨКСІНҰЛЫ:

— Айқайлап боқтап, бір екі жігіт костюм киген. Басқасы оншақты милиция бар. Екі жігіт келіп мені, быт шыт қылып, ұстап алып сол жерде сілкіп, жерге жатқызып тепкілей жөнелді. Содан ананы мынаны айттым. Мылтық әкеліп атып тастау керек деді. Әкелсең әкел, атсаң ат дедім. Кеудемнің жарақатын сонда алдым

Дүйсенбінің айтуынша, полицейлердің арасында Мыңбаев селолық округінің учаскелік инспекторы Бауыржан Керімов болған. Дәл сол азаматтың қасындағы адамдар оны соққыға жыққан көрінеді. Ал пәрмені күшті полиция болса, тек қарап тұрды дейді ол.

БАУЫРЖАН КЕРІМОВ, Мыңбаев селолық округінің учаскелік инспекторы:

— Өтірік айтып отыр. Мен, біз Көксін ағаны ұрған жоқпыз. Осыдан 200 метр жерге, көшенің басында машина тұрды, опер группа. Бұл кісі айтты көрсетем деді. Қай адамдар екенін білесіз бe деп едім. Бұл кісі иә деп айтты. Сосын сол жақа қарай апардым.

Жала жапты деген полиция капитаны мәселенің нақты қалай болғанын ашып айтпай қашқақтады. Ал Дүйсенбінің қызының айтуынша, орган қызметкерлері оларды әбден қинапты. Кеуде тұсынан және басынан бірнеше жарақат алған әкесіне көмек көрсетуге құзырлылар кедергі де жасаған. Сондықтан Үмбетәлі ауылындағы және Ұзынағаш аудандық ауруханасы науқасты қабылдай қойған.

БАЛБӨБЕК ДҮЙСЕНБІ:

— Жедел жәрдемді шақырсақ полициялар кетіңдер, барыңдар деді. Мәселені өзіміз шешеміз деп оларды қуып жіберді.

Науқасты ауруханаға іске тілшілер араласқаннан кейін ғана алып кетті. Ал келесі тарап, яғни соққы жасады деген үшеудің екеуі ем қабылдап жатыр екен. Біреуінің көзі қатты көгерген. Оқиғаға қатысты олардың айтар өз уәжі бар.

БАЛТАБАЙ МАНАБАЕВ:

— Сөйлесіп тұрмын иә, қайдан білейін қалай келгенін. Есіміз ауып қалды. Талдырып жықты. Тепкілепті. Серікті тепкілепті. Сосын есімді жиып алып, Серікке бардым. Оны ояттым. Бет аузы қан. Сол.

Жағдай ушығып, ағайынды Көксіндер отбасын түгел өртейміз деп қысым көрсеткендер табылып жатыр екен.

— Акиматтың алдында жиналып басқасы бар, милициясы бар кәдімгі бір тойда жүрген секілді қалың адам. Милиция біз тоқтатып тұрмыз деді. Әйтпесе сендерді жаншып өтеді дейді.

31.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық