jasqazaq.kz

Ұзынағашта қаза тапқан үш жігіт бүгін жер қойынына тапсырылды

27 қыркүйек 2016, 15:32

28c9443a41646b4eee4bc12e056e0f41

Ұзынағаш базарында мал сатып жүріп, қылмыскерлер қолынан қаза тапқан үш жігіт бүгін Алматы облысы Көксу ауданында жер қойынына тапсырылды.

Алматы облысында қаза болған ағайынды жігіттердің туыстары жерлеу рәсімі кезінде қоғамнан қайғылы жағдайды қызу талқыламауды, полицейлерден істі аяғына дейін жеткізуді сұрады.

158a06067f187e4377958566971f57f0

 

Жерлеу рәсіміне жақын ағайын туыстардан бөлек аудан мен қала тұрғындары келіп жатты.

«Құрметті бауырлар, әпке-қарындастар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сіздерге көңіл айтады. Бұл бәріне ортақ қайғы. Қаза болған бауырларымызды соңғы сапарға шығарып салу – бәріміздің міндетіміз. Сабыр етіңіздер», – деді Сарыбаев.

«Қылмыскерлер ұсталды. Оларды жазалауды мемлекет пен құқық қорғау органдары шешеді. Екі азамат ұсталды. Өз басым олардың суреттерін де көрдім. Тергеу бір ғана күнге созылмайды. Мүмкін бір ай не одан да көп болар», – деді Еркін Бейсекеұлы.

Жерлеу рәсіміне “Нұр Отан” партиясы облыстың филиалының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Рустам Алпысбаев, Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ, ардагерлер кеңесінің өкілдері т.б. келді.

baq.kz

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық