jasqazaq.kz

Зиданға қисынсыз сөз айтқан Франция футбол федерациясының президенті қызметінен шеттетілді

12 қантар 2023, 13:20

Франция футбол федерациясының атқарушы комитеті (FFF) осы ұйымның басшысы Ноэль Ле Грені қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл туралы RMC Sport хабарлаған.

FFF басшысы қызметін уақытша атқару ұйымның вице-президенті Филипп Диаллоға жүктелді.

Франция футбол федерациясы тексеру жүргізіп, соның қорытындысы бойынша Ле Гренің болашағы жөнінде шешім қабылдайтын болады. Тексеру қаңтар айының соңына таман аяқталмақшы.

Дау Ле Гренің атақты футболшы Зинедин Зиданға қатысты айтқан сөзінен туындаған болатын. Ле Гре Зидан қоңырау шалса да, тұтқаны көтермейтінін мәлімдеген еді. Кейін ол Зиданнан кешірім сұрады.

Сонымен қатар футбол агенті Соня Суид Ле Грені сексуалдық әрекетке итермеледі деп айыптады.

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе бұл дауда Зинедин Зиданды қолдады.

Сондай-ақ Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам да өз пікірін білдірді.

«Ле Гренің өзі айтқандай, сөздері қисынсыз еді. Оның Зиданнан кешірім сұрағаны дұрыс болды деп ойлаймын», деді Д.Дешам.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді