jasqazaq.kz

Жылу құбыры жарылып, пәтерді ыстық су басқан: Көкшетауда үш әйел қаза болды

06 қантар 2023, 14:25

Көкшетауда полицейлер ыстық су басқан пәтерден үш әйелдің мәйітін тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2 қаңтарда сағат 04:44-те Көкшетау Полиция басқармасына үйлердің бірінде жылыту жүйесі жарылғаны туралы түскен хабарлама бойынша мамандар оқиға орнына барған. Осылайша, пәтерде жылу құбыры жарылғаны анықталған. Соның салдарынан пәтерді ыстық су басқан. Пәтер ішінен құлыпталып қалған. ТЖД қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізген.

Тексеріс барысында полицейлер 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің денесін тапқан. Олар — үй иесі және оның екі құрбысы. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдердің өліміне күйік себеп болған.

Бұл дерек соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде