jasqazaq.kz

Жұлдыз Өмірғалидің телепродюсері: Шет жағасын байқағаннан кейін Айқынмен сөйлесуге тыйым салдық (Видео)

28 желтоқсан 2022, 15:34

Отандық телепродюсер Назым Басқынбаева Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің алғаш Шымкентте тойда танысқандарын айтты. «Жақсы адамдарым» бағдарламасында әншілерге қатысты құпияның бетін ашқан телепродюсер Жұлдыз Өмірғалиға Айқынмен сөйлесуге тыйым салғандарын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Мен жалпы осы екі кісінің арасындағы махаббат сезімі жайлы айтқым келеді. Екеуі Шымкенттегі тойда танысады. Мен негізі қыздарға қырғидай қарап отыратын адаммын. Ешкіммен сөйлеспеуін, телефон алмаспауын, ешкіммен таныспауын қадағалап отыратын адаммын ғой. Бірақ тура сол сәтті жіберіп алдым. Администрлар «Әндерді дайындап бересіз бе?» деп өтініш жасап, төменге түсіп кеткенмін. Жоқ болғаным бір үш минут шығар. Сол үш минутта химия болып үлгерген ғой», — деді телепродюсер Назым Басқынбаева.

Сонымен қатар телепродюсер Жұлдыз Өмірғалиге Айқынмен сөйлессе, тіпті топтан кететін айтып, тәрбие сағатын өткізген.

«Содан кейін олар жазыса, хабарласа бастады. Оны шет жағасын байқап қойғаннан кейін біз тыйым салдық. «Араласпайсың», «Сөйлеспейсің», «Әйтпесе топтан кетесің» деп тәрбие сағатын өткіздік. Ол тәрбие сағатынан кейін Жұлдыз бәрін Айқынға жеткізген. Бір күні кешке қарай маған «Назым, мен ғой Айқын. Біз тек телефонмен сөйлесіп тұрсақ бола ма?» деп Айқын хабарласып тұр. Олар жарты жылдай телефонмен сөйлесіп жүрді. Содан кейін барып біздің өзіміздің шарттарымыз болды. Рұқсат тек өзінің жеке мәселелерінің бәрін шешкеннен кейін ғана берілді. Енді бүгін алдарыңызда айрандай ұйыған отбасы отыр», — деді Назым Басқынбаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде