
Енді сіздің ұялы телефоныңызға қарызыңызды қайтарыңыз деген хабарлама келсе, таң қалмаңыз. Өйткені, шағын несие беретін «жылдам ақша» агенттігі алмаған адамдардан ақша өндіріп жүр. Бұл туралы алматылық Жазира Оралбекова patrul.kz сайтына хабарлады.
Ол « Мен олардан ешқандай ақша алған жоқпын. Құрбым оларға мен туралы мәлімет беріп, ақша алған болуы мүмкін. Ал мені ескерткен жоқ. Енді олар менен ақша талап етіп отыр» — дейді. Жәбірленуші олардың телефонын жазып алыпты.
https://www.youtube.com/watch?v=seTs_MSrUSU