jasqazaq.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы қамауға алынды

28 желтоқсан 2022, 10:32

«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы 11 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы — «Қаламаңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен биылғы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.
Биылғы 20 желтоқсанда күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген ведомство мәліметінде.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді