jasqazaq.kz

Жол жөндеуге 30 млрд теңге бөлінеді

28 наурыз 2023, 14:09

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді.
Биыл бюджеттен бөлінетін 30 млрд теңге есебінен жыл соңына дейін автожолдың бүкіл ұзындығы бойынша қозғалысты қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қазір нысандарда ағымдағы құрылыс маусымына жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы республикалық желі бойынша барлығы 11,6 мың шақырым жол жұмыстарымен қамтылған.

«Оның ішіндегі 4 мың шақырымы құрылыс және реконструкциямен қамтылып, соның 1,2 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды. Күрделі және орташа жөндеумен 3 мың шақырым жол қамтылды, 679 шақырымы аяқталды. Реконструкциялау бойынша жұмыстар 17 жобада жүргізілуде, олардың аясында 2024 жылға дейін іске асыру мерзімімен 3,6 мың шақырым жол қамтылатын болады, — деді Амангелді Бек.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті