jasqazaq.kz

Жол мамандары тапшы

17 наурыз 2022, 16:57


Елімізде жол саласының мамандары тапшы. Экономиканың негізгі күретамыры саналатын салаға жастардың қызығушылығы аз. Жыл сайын республикалық немесе облыстық деңгейдегі жүздеген шақырым автомобиль жолдары салынып, жөнделіп жатыр. Бірақ сонда істейтін құрылыс инженерлері, зертханашылар, асфальтбетон жұмысшылары, асфальт төсегіштер, автогрейдер жүргізушілері, механизаторлар жоқтың қасы екен.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше республикада екі мыңнан астам білікті жол мамандары жетіспейді екен. Соның салдарынан, шетелден жұмысшы шақыртуға мәжбүрміз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін кәсіби жолшылар мектептерді аралап оқушыларға кәсіби бағдар беруді әдетке айналдырды. Сондай-ақ жоғарғы оқу орны мен колледж студенттерін жол зертханасына шақырып, жастарға асфальттың құрамы мен оның қалай төселетінін көрсетуде. Мұндағы мақсат мектеп бітіруші түлектер мен жас кадрларды жол саласының маманы болуға шақыру. Мәселен, Алматы облыстық «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» мамандары жыл басынан бері облыс аумағындағы 50-ден астам мектепті аралап, оқушылармен кездесті. Ал, 40 жыл жол саласында қызмет істеген Әбді Қиялбайұлы, кәсіби жолшыларды даярлау үшін оқу гранттарын көбейту керек дейді.

Әбді Қиялбайұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор:

— Жол саласына оқу гранттары өте аз бөлінеді. Елімізде жолшы мамандықтарына деген сұраныс өте жоғары. Бірақ мұны мемлекеттік деңгейде шеше алмай отырмыз. Грант бөлерде жолға, көпірге, жолдағы қауіпсіздікке деп жіктеп алу керек. Бұрын жас маман деген болатын. Оларға үй беріліп, жұмыспен қамтылып бар жағдай жасалатын. Қазір ол жоқтың қасы. Сондықтан оқу бітірген жастар бір орында тұрақтамай, ақшасы, айлығы көп салаға ауысып кете береді. Жолшы мамандарына деген зәрулік тек бізде емес бүкіл әлемнің бас ауруы қазір. Жол экономиканың негізгі бағыты. Сондықтан осы салаға көңіл бөлінуі керек.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты