
Оқиға куәгері Алматы мен Талдықорған трассасындағы үлкен шұңқырды видеоға түсіріп алған. Ол көлік жүргізушілерінен қауіп-қатерден сақ болуларын өтінді.
Автордың айтуынша, шұңқыр Алғабас ауылы маңындағы «Мұқыр» өзенінің жанында. Оңбай ойылған ойық көлік жүргізушілеріне қауіп төніп тұрғандығын, кез-келген уақытта асфальт ойылып кетуі мүмкін екенін ескертті.