
Семейде іздеу жарияланған 18 жастағы Жансая Нұржанқызы Астанадан табылды.
Бұған дейін хабарланғандай, туған-туыстарының айтуынша, Жансая қалада құрбысымен бірге пәтерде тұрады екен. 2 қазан күні ол «әпкемнің үйінде қонамын» деп шығып кеткен. Бірақ бойжеткен әпкесінің үйіне сол күйі бармапты. Ал келесі күні оқуына келген. Алайда сабақтан шығып үйіне кеткен қызды содан бері көрген жан жоқ. Туған-туыстары мен полицейлер бойжеткенді үш күннен бері іздеумен болған.
Агенттікке Жансаяның әпкесі хабарлағандай, қыз Астанадан табылыпты. Қазір оны алып кету үшін соңынан адамдар жіберілген.
Оқиғаға қатысты басқа мәліметтермен бөліспеді жоғалған қыздың тәтесі.