jasqazaq.kz

Жиенін терезеден лақтырып, енесін пышақтап өлтірген

07 ақпан 2023, 9:40

Астана қаласында адам жанын түршіктіретін қанды оқиға орын алды. Көп қабатты «Хабар» тұрғын үйінің 7-қабатында туындаған жанжал үш адамның ажал құшуымен аяқталды. «Астана» арнасының мәлімдеуінше, үш баласы бар ер адам үйінде жанжал шығарып, енесін пышақтап, 4 жастағы жиенін терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кетіп ажал құшты. Қайғылы оқиға кезінде ер адамның әйелі сытылып шығып, төменгі қабаттағы көршісінен көмек сұраған. Көршісін ертіп келгенімен де бәрі кеш болған, үш адамның да ғұмыры қиылған еді. 1-қабатта тұратын көршісі терезеден тысқа қарағанда аулада баланың қимылсыз жатқанын көрген.
Отбасылық ұрыс-керістің соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуын көршілері ер адамның құмар ойынға әуестеніп, қарызы көбейгенінен болуы мүмкін дейді.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті