jasqazaq.kz

Жезқазғанда шенеунік өзіне 270 мың теңге сыйақы жаздырып алған

27 сәуiр 2017, 15:06

Жезқазғанда еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы өзіне 270 мың теңге көлемінде сыйақы жаздырып алған. Қарағанды облысының Этика жөніндегі кеңесі оған қатысты тәртіптік істі қарады.

Ер адамның қызметіне толық сәйкес еместігі туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің мемлекеттік қызметтер саласындағы Бақылау басқармасының бас маманы Бақтияр Макеевтің баяндамасында шенеуніктің осы қызметке былтыр қазан айында келгені және оның үш ай сынақтан өтуі тиіс болғаны айтылады. 2016 жылдың 9 желтоқсанында Жаналин өзіне 270 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындаған. Сондай-ақ, Кеңес мүшелерінің баяндамасында Жаналиннің қызметтік тергеу барысында кінәсін мойындағаны айтылады. Бірақ ол Кеңес мүшелерімен өткен жиын барысында кінәсін мойындамаған. Оның айтуынша, сыйақы тағайындау туралы шешімді өзі қабылдамаған. Ведомство жанындағы арнайы комиссия осындай шешім қабылдады делінеді. Оның айтуынша, сыйақы Тәуелсіздік күніне орай берілуі керек болған. «Мен маған тағылған кінәні мойындамаймын. Сол кезде сыйақы мәселесімен айналысатын арнайы комиссия құрылғанын түсіндіріп өткім келеді. Олар өткізген жиындар мен қанша адамға сыйақы берілгені жайлы хаттама да бар. Мен тек хаттамаға қол қойдым. Сол кезде біздің есепші мен кадр бөлімінің қызметкері ем алып жатты. Содан кейін мен олардан бұл ақшаны неге маған аударғандарын сұрадым. Олар байқамай қалғандарын және ештеңе білмейтіндерін айтты. Бірақ мен ақшаны бірден қайтардым. Ал менің сыйақы алғаным жайлы Анисия есімді әйел шағымданған. Мен оны жұмыстан қуып жіберген болатынмын, сондықтан ол осылай істеді. Ол барлық инстанцияға осы жайлы шағымданған. Қазір мен оны жала жапқаны үшін сотқа арыз қалдырдым. Себебі ол менің атыма негізсіз шағым түсіре береді», — деді Жаналин. Бірақ шенеуніктің ақталғанына қарамастан Этика жөніндегі кеңес оны жазалау туралы шешім қабылдады. Ер адамның қызметіне толық сәйкес еместігі туралы шешім қабылданды.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық