
Павлодарда осыдан аттай жеті жыл бұрын жоғалған мылтық Ақмола облысынан табылды. 14 наурызда Ақмола облысының Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел қызметкерлер жергілікті тұрғынның заңсыз қару ұстайтыны туралы ақпарат түседі.7,62 мм калибрлі Вепр-308 Супер маркалы мылтық тіркелмеген болып шықты. Осы факт бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 287-бабы, 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеген. Күдікті павлодардан жоғалған қаруды дөй далада мал бағып жүріп тауып алыпты. Полицияға өткізуге уақыт тапапй келгенін жеткізген. Мылтық 2016 жылдан бері Павлодарда жоғалған қарулардың тізімінде тұрған.
JQ-Aqparat