jasqazaq.kz

Жертөледегі дүкен заңсыз екен

08 қараша 2016, 18:19

magazin

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында тұрғын үй инспекциясының басшысы Әлиxан Қуатбеков ПИК-тердің қызметі жайында баяндап, көпқабатты үйлердің жертөлесіндегі дүкендердің көп жағдайда заңсыз ашылатынын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Инспекция басшысы заңсыз дүкендер болмас үшін кондоминимумды ертерек тіркеуге кеңес беріп отыр. «Кондоминимум дегеніміз не? Сол үйге иелік етіп отырған тұрғындардың құқықтарын қамтамасыз ету деген сөз. Негізі, үйдің жобасы бойынша жертөлелер немесе теxникалық қабаттарда орналасқан сан алуан нысандар санитарлық-эпидемилогиялық талаптарға сәйкес келсе, құрылыс-сәулет басқармасына өтініш беру арқылы оның мақсатын ауыстыруға болады. Өкінішке қарай, бүгінде көпқабатты үйлердің астыңғы қабаттарында рұқсатсыз, тек КСК-мен ғана келісіп алып, өздерінің жеке кәсіптерін ашып жатқан жағдайлар аз емес. Бірақ ондай әрекеттер заңсыз болып саналады», — деді Ә.Қуатбеков ҚазАқпарат тілшісінің берген сұрағына. Оның айтуынша, тұрғын үй инспекциясы заңсыз дүкендерді тексере алмайды. Дегенмен, үйдің тұрғындары өз арыз-шағымдарын сәулет-құрылыс басқармасына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметіне бере алады. Аталған органдар тиісті шараларды қолданады. Ал тұрғын үй инспекциясы өз кезегінде ПИК-тердің қаржылық есеп беруін қадағалай алады. Бүгінгі заңнамаға сәйкес, пәтер иеленушілер кооперативі, я болмаса, қызмет көрсетуші компания әрбір тоқсан сайын тұрғындардың алдында қаржыны жұмсау бойынша есеп беруі тиіс. Ол міндет орындалмаса, айыппұл салынады.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық