jasqazaq.kz

Жерге қатты жақындаған Айдың суреттері жарық көрді (фото)

15 қараша 2016, 11:15

«Астрономия бәрі үшін» Роскосмос пен Мәскеу планетариясының бірлескен рубрикасы осылай аталады.

Мұнда Күн жүйесі мен оның обьектілері жайлы айтылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Байқоңыр ғарыш айлағында алдағы 17-қарашада ұшыруға дайындық жүріп жатқан «Союз-ФГ» зымыран-тасығышы мен көліктік ұшырылатын «Союз МС-03» кораблінің аясында Айдың ерекше үлкен болуы бүгін тап осылай көрінеді», деп жазылған осы рубрика үшін ғарыштық «Южный» орталығы фотографтарының Байқоңырдағы ұшу алаңынан түсірілген суреттерінде.

20161115082707

Бұдан бұрын хабарланғандай, 14-қарашада аспанға осы жылғы ең үлкен Ай енді, яғни біздің планетаға рекордтық қашықтыққа жақындады. Ғалымдар бұл көріністі ерекше құбылыс, ерекше оқиға деп бағалауда. Айдың Жерге ең жақын қашықтыққа жетуі, Айдың 14 пайыз үлкен әрі 30 пайыз жарық болып көрінуі — астрономиялық құбылыс.

cxq3md3xaaepwau

Айта кетер болсақ, Ай бұл кезде Жерге әдеттегіден 50 мың шақырымға жақындап, үлкен отты шарға ұқсайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жолғы Үлкен Ай 1948 жылдан бергі ең зор, 2034 жылға дейінгі ең жарық бейнеге ие болуы ықтимал.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар