jasqazaq.kz

Жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейеді

17 қантар 2023, 14:51

Өткен жылы мемлекет пайдасына 5,2 млн гектар жер қайтарып алынды, оның ішінде 4,8 млн гектары – жайылымдық жерлер. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

Үкіметтің бүгінгі отырысында ол: «Жайылымдық жермен қамтамасыз етпейінше, мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар аса маңызды мәселе. Осыған байланысты, заңсыз берілген, бос жатқан жерлерді қайтарып алу жөніндегі арнайы Комиссия былтырғы сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде өткен жылы мемлекет пайдасына 5,2 млн гектар жер қайтарып алынды. Оның ішінде 4,8 млн гектары – жайылымдық жерлер», — деді.

Бұл жұмыстарға Мемлекет басшысының Агроөнеркәсіп саласындағы микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін Жарлығы ерекше серпін берген.
«Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Биыл тағы 5 млн гектар жерді қайтарып алу жоспарлануда. Бұл орайда елді мекендер маңында орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлерін қайтарып алу маңызды. Оларды қоғамдық пайдалануға немесе жеке қосалқы шаруашылық кооперативтеріне беру қажет. Қолданыстағы заң бұған мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елді мекендер маңында жайылым жерлерінің аз болуы жеке қолдағы мал басының өсуіне шектеу қойып отыр. Сондықтан жайылымдарды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау қажет», — деді Ә. Смайылов.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкіметтің бүгінгі отырысында жерді пайдалану мен қорғау мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне қандай өзгерістер енетінін түсіндірді.

«Заң жобасы бірқатар елеулі түзетулер енгізуді көздейді: жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту; меншігінде жайылымдық және шабындық алқаптары бар адамның елді мекен жерлерінде заңсыз шөп шабу және мал жаю мәселесі бойынша жауапкершіліктерін белгілеу және басқалары. Министрлік осы түзетулерді жарты жылда қабылдау үшін барынша күш салуда», — деді Е. Қарашөкеев.

Еліміздің 15 облысында мал жаю үшін 8,9 млн гектар жер жетіспейді. Бұл негізінен жеке қосалқы шаруашылықтарда мал санының өсуімен байланысты. Өткен жылы пайдаланылмай жатқан 5,2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. жылдың соңына дейін тағы 5 млн гектар жер қайтарылуы мүмкін. Осы кезге дейін жер пайдаланушылардың кесірінен 90 млн гектар аумақ эрозияға ұшырады. Қазір оның 29,3 млн гектары жарамсыз.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата