jasqazaq.kz

Жер мен баспана беріледі

13 мамыр 2016, 20:20

92_big

Ақтөбе облысында «ерекше акция» басталды. Жарығы бар, ғаламтор желісіне қосылған Алға ауданының Амангелді және Көлтабан ауылына тұрғындар іздестірілуде. Келем деп ниет білдіргендерге 10 сотық жері бар баспанамен қамтылады екен. Аудан басшысы тағдыры бұлыңғыр екі ауылды осылай құтқарып қалмақ. Амангелді мен Көлтабанның арасы жақын. Екеуінде де шамамен 200-230 адамнан тұрады. Бос тұрған үйлер жеткілікті. Иелері оларды саудалай алмай, әкім-қараларға аманаттап кетсе керек.

Әкімнің айтуынша, әзірге көгілдір отын тартылмағандықтан, көмір жағуға тура келеді. Үйлерге құбыр да жүргізілмеген. Сондықтан ауыз суды құдықтан тартып ішуге мәжбүр. Шенділер жергілікті өңірдің табиғаты қолайлы екенін алға тартады. Шөбі шалғын, көк майса. Мал жаюға жақсы, егін бітік шығады. Аудан басшысы Мавр Абдуллинді алаңдатып отырған мәселе – мектептегі оқушылардың аздығы. Екі ауылдағы негізгі білім беретін мектептердегі оқушылар саны күрт азайса, ауылдар солайымен жабылуы мүмкін. Сондықтан, сырттан келетін отбасылардың көпбалалы болғаны жақсы деген тілек бекер айтылмаса керек.

Аудан әкімі Мавр Абдуллин: Мүмкіндігінше, бала-шағасы бар отбасы, әсіресе көпбалалы отбасы болса, құба-құп. Өйткені, ауылдардағы білім беру мекемелерінің де тағдыры қыл үстінде, ауылға еліміздің кез келген қаласынан көшіп келуге болады. Әрине, жақын маңның тұрғындары болса, тіпті жақсы. Екі ауыл да өркениеттің дәмін алған – жарық бар, ғаламтор желісіне қосылған, отандық арналарды «Отау» арқылы көріп отыр, – дейді.

Асқар Ақтілеу,
Ақтөбе

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық