jasqazaq.kz

Жер қойнауы аукционға шығарылады

11 қантар 2023, 13:50


Мемлекетке қайтарылған жер қойнауы учаскелері болашақта инвестиция тарту үшін аукционға шығарылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты деп хабарлайды JQ-Ақпарат.

«Жер қойнауын игеру және осы салаға инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде көмірсутектер мен уранды барлауға және өндіруге арналған 304 келісімшарт бар. 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға салынған инвестиция сомасы 5,9 трлн теңге болды. Өткен жылы аукционда 39 млрд теңге қол қою бонусы төленіп, 49 жер қойнауы учаскесі берілді.

Геологиялық барлауға мәлімделген инвестиция сомасы шамамен 56 млрд теңге болды», — деді министр.

Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындамай, ұзақ уақыт ұстайтын жер қойнауы учаскелерін тексеру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

«Мұнай-газ саласында жүйелі бұзушылықтары бар 27 келісімшарттың 12-сі бұзылды. 9 келісімшарт бойынша 1,5 млрд теңге сомаға берешек өтелді, 4 келісімшарт бойынша сот талап-арыздары жіберілді. 2 келісімшарт бойынша-жұмыс заңнамаға сәйкес жалғасуда. Мемлекетке қайтарылған жер қойнауының учаскелері болашақта инвестиция тарту үшін аукционға шығарылады», — деді Б.Ақшолақов.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка