jasqazaq.kz

Жеңілдетілген автонесие: Кезекке тұрғандардың бәрі көлік алады

27 желтоқсан 2022, 12:37

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жөнінде тілшілер сұрағына жауап берді. Бұл туралым  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтаған жоқ. Алайда бұрын оған 100 млрд теңге бөлінген. Енді мұндай қаражат бөлінбейді. Бұрын бөлінген ақша неғұрлым көбірек қайтарылса, сол бойынша автонесие берілуге тиіс. Алайда банктер қаржыны сәл жинап алып, кредитті береміз бе деген шешімді қабылдады. Менің ойымша, олар өздері біледі, бұл оларға қатысты бизнес процесс. Бірақ күнделікті түскен ақшаны күн сайын беріп отыру керек. Сондықтан жеңілдетілген автокредитті тоқтатпай, халықты да шулатпай, процесс күн сайын жүруі керек», — деді Индустрия министрі Үкімет кулуарында.

Сонымен бірге министр жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қанша адам кезекте тұрғанын айтты.

«Бірінші кезекте 15 мың адам тұр, оның 13 мыңы көлік алды. Қосымша 16 мың көлік алуға өтініш берілді. 15 мың адам көлік алуға бұрын өтіш берген. Менің ойымша, бәрі әділ өтуі керек. Кім бірінші өтінішті берді, соларды қамту керек. Кейін келесі өтініш берген адамдармен жұмыс істеу керек. Әрине, кезекте тұрғандар көлігін ала алады. Біз жыл сайын ішкі өнімді арттырып жатырмыз. Биыл 110 мың көлік шығарамыз деп отырмыз. Олардың санын жыл сайын кемінде 30%-ға өсіреміз. Келесі жылы 120 мың көлік шығарамыз деп жоспарлап отырмыз және 130 мың көлікке дейін жеткіземіз», — деді Қайырбек Өскенбаев.

Еске салсақ, бұған дейін 2023 жылғы қаңтарда елімізде көлік алуға жеңілдікпен төмен пайызбен несие беру басталатындығы туралы хабарланды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде