jasqazaq.kz

Жемқорлардың «жемсауынан» түскен ақша – 120 миллиард теңге

02 наурыз 2023, 15:45

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан тәркіленіп, мемлекетке қайтарылған қаржының сомасын айтты. Қазына бүгінгі күнге дейін 120 миллиард теңге қайтарылған. Қазынашылық органдарда ашылған арнайы есепшоттарға жемқорларыдң «жемсауынан» түскен ақша аударылып жатыр.
«Бүгінге дейін есепшотта, шамамен, 120 миллиард теңге жиналды. Біз оқу-ағарту министрлігінен өтінімдерді күтіп отырмыз. Алдымен үш ауысыммен оқитын мектептер жөнделеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бар, мектепті кеңейту үшін қосымша құрылыс салынады. Есепшоттағы ақша ең бірінші соған жұмсалады», – деді министр Е.Жамаубаев брифингте.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті